“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ
Мектептің “Дарын” үйірме бірлестігінің “Шығармашылықтың шексіз әлемі” тақырыбында өтіліп жатқан айлық іс-шара жоспарына және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2025 жылдың 16 қазан күні “Шебер қолдар” үйірмесінің жетекшісі Бейсеева Жайна оқушылармен “Әртүрлі заттардан бұйымдар жасау” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды әртүрлі заттарды ұқыпты пайдаланып, қолөнер бұйымдарын жасауға үйрету, эстетикалық талғамын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бұл сабақ арқылы оқушылар ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиеленіп, өз қолымен жасаған бұйымдарын қуанышпен таныстырды.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының “Еңбек және экологиялық тәрбие” бағыты аясында ұйымдастырылды.





