“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-інің 9-сынып жетекшілері Абсаматова Мөлдір мен Култаева Клараның ұйымдастыруымен 2025 жылдың 18 сәуір күні “Мейірімділік пен игі істер” тақырыбында 9-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру, жақсы мен жаманды ажырата білуге баулу және адамгершілік асыл қасиеттерді меңгеруге ықпал ету. Сонымен қатар, мейірімділікке тәрбиелеу арқылы оқушылардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін, жанашырлық пен ізгі қасиеттерін дамыту көзделді.