,,М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-і базасында 2024-2025 оқу жылы аясында ІІ ж/ж жоспарына сәйкес, 03.02-28.02.аралығында ,,Зерде,, әдіс бірлестігінің ,,Әлем-математика,информатика тілімен" атты тақырыбында өткізілген айлық іс-шарасы барысында, ақылы үйірме жетекшісі - Алимбетова Динараның жетекшілігімен 15 минуттық үзілісте ,,Көңілді үзіліс"атты балаларды сергіту ойыны ұйымдастырылды. Сергіту сәтінде ,,Асықтың тағы бір қыры" атты әдісі қолданылды. Ұлттық ,,асық,, ойын түрін әр қырда дамыта отырып, оқушыларды танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында өткізілген бұл сәт: балалар қызығушылығын оятып, өз білім көкжиектерін бір сәтке зерделеп, танымды білгірлік қасиеттеріне саяхаттай алды. Сергіту сәтінен шәкірттердің алған әсерлері мол болды. Оқушыларымызға әрдайым сәттілік тілейміз!https://www.facebook.com/share/v/19zSENMbag/