М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-і 2024-2025 оқу жылының жарты жылдық жоспарына сай, 2025 жылғы 12 наурыз күні «Шебер әдіс» бірлестігінің ұйымдастыруымен ашық сабақ өткізілді.Тақырыбы: Шығармашылық жұмыс: "Ашық хат жасау"

Сыныбы: 5 "А"

Мақсаты:

Пән мұғалімі: Елтай Анар

Шығармашылық жұмыс жасау барысында композициялық заңдылықтарды ескеру;

Түр-түстерді дұрыс таңдау және үйлесімді қолдану;

Әдемі, көркем ашық хат жасау;

Жазуды дұрыс, ұқыпты және әдемі жазу дағдыларын қалыптастыру.

1. Идеяны анықтау: Ашық хаттың тақырыбын ойластыру (туған күн, мереке, құттықтау т.б.).

2. Эскиз жасау: Ашық хаттың нобайын қағазға түсіру.

3. Композиция құру: Ашық хаттағы сурет пен жазудың үйлесімін сақтау.

4. Түстерді таңдау: Ашық хатқа жарасымды, бір-бірімен үйлесетін түстерді қолдану.

5. Безендіру: Түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, бояулар, жапсырмалар, жылтыр қағаздарды пайдалану.

6. Жазу: Ашық хатқа жылы лебіздер мен әдемі тілектерді көркем, анық етіп жазу.

7. Соңғы әрлеу: Жұмысты тексеріп, қажет болса қосымша безендіру элементтерін қосу.

Оқушының шығармашылық қабілеті мен эстетикалық талғамы дамиды.

#бір тұтас тәрбиеhttps://www.facebook.com/share/v/15gCprRrxD/