М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-і 2024-2025 оқу жылының жарты жылдық жоспарына сай, 2025 жылғы 11 наурыз күні «Шебер әдіс» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өнерлі ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Іс-шараға пән мұғалімдері Елтай Анар, Ботабекова Балнұр және үйірме жетекшілері Бейсеева Жайна, Айнақұл Қарашаш белсене атсалысты. Олар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие берудің жаңа әдістерін ұсынды.
Бұл шеберлік сағаты Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосты. Іс-шара барысында оқушылар өнерге деген қызығушылықтарын танытып, өз білімдерін жетілдіруге мол мүмкіндік алды.
Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.