М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» кмм-де жылдағы дәстүр бойынша «Шабыт» тіл бірлестігі мен мектеп кітапханашысы Ж. Алатаевамен «Ғасыр ақыны – М.Мақатаев 94 жаста» атты кең көлемде ауқымды іс- шара болып өтті. М.Мақатаев шығармаларын өскелең

Ғасыр ақыны----- М.Мақатаев 94 жаста

«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» кмм-де жылдағы дәстүр бойынша «Шабыт» тіл бірлестігі мен мектеп кітапханашысы Ж. Алатаевамен «Ғасыр ақыны – М.Мақатаев 94 жаста» атты кең көлемде ауқымды іс- шара болып өтті. М.Мақатаев шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау барысында оқушыларды Отанын, елін, жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу, поэзия жанрының адам бойына ерекше әсер беретінін дәлелдеп өтті.

Іс- шара 10-сынып оқушыларының белсенділігімен жыр шумақтарының шашуымен басталып, ақынның мәңгілік мұрасы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сахналық қойылымы кешке ерекше өң берді. 10-сынып оқушысы аудандық әндер байқауының жеңімпазы Х.Досболдың орындауындағы ақынның сөзіне жазылған әнмен жалғасын тауып, 9- сынып оқушы қыздарының ақынның «Жетімдер » атты шығармасынан образдық бейнелері көпшілік көңілінен шықты. Бұл іс-шарада бір ерекшелік даярлық тобының білім алушылары Арслан Сансызбай мен Адихан Берік 6 жасар ең жас оқырмандар болып, ақын шығармаларын жатқа оқыды. Көрермен көзайымы болып ерекше көзге түсіп, ерекше сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шараның екінші бөлімі қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің қолдауымен төрт бағыт бойынша дайындаған бағдрламасы жалғасын тапты.

1 бағыт: «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап » бөлімінде оқушылар өз шығармашылықтары бойынша ақынға деген жүрек жарды жыр шумақтарын арнады.

2.бағыт: «Айтып өткен ақында арман бар ма?» тақырыбы бойынша оқушылар ақын поэзияларынан сайысқа түсті .Ең көп жаттаған оқушылар жоғары бағаланды.

3.бағыт: «Жыр эстафетасы» тақырыбында оқушылар ақын поэмаларын жатқа оқыды.

4. бағыт. «Өлеңмен өрілген ой» бөлімі бойынша оқушылар ақынның сөзіне жазылған әннен шашу шашты.

Кеш соңында мектеп әкімшілігінен сайланған әділқазы мүшелерінің шешімімен жеңімпаз оқушылар арнайы сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды .

Оқушыларды рухани тәрбиелейтін осындай іс- шаралар жалғасын таба берсін деп тілейміз.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/927938309545485/