М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Зерде» әдістемелік бірлестігінің 2024-2025 оқу жылының 03.02-28.02 аралығында өтілетін «Әлем математика, информатика тілімен» атты тақырыбындағы айлық жоспарына сай 15 минут тиімді пайдалану мақсатын

“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Зерде» әдістемелік бірлестігінің 2024-2025 оқу жылының 03.02-28.02 аралығында өтілетін «Әлем математика, информатика тілімен» атты тақырыбындағы айлық жоспарына сай 15 минут тиімді пайдалану мақсатында өткен көңілді үзіліс барысында миға шабуыл әдісі қолданылды. Бұл шараны ұйымдастырушы информатика зертханашылары Саттар Айдана және Абжанова Самал болды. Шараның басты мақсаты — қатысушылардың шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, жұмыс дағдыларын дамыту.

Көңілді үзіліс тек жұмысқа жаңа серпін беріп қана қоймай, қатысушылардың арасына достық қарым-қатынасты нығайтты. Мұндай әдіс жұмыс орнында тиімді қарым-қатынас пен ынтымақтастықты арттыруға көмектеседі.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/562107633455795/