"М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де қазан айының 15-ші жұлдызы күні бастауыш сынып мұғалімі Егембердиева Гүлбаршын 1 "А" сыныбына Әліппе пәнінен "М дыбысы мен әрпі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ мақсаты: Заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолданады. Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізеді. Дыбыстың таңбасы-әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір бірінен ажыратады. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қояды. Ашық сабақта " Кім білгіш", "Суреттер сөйлейді", Көркем жазу", "Белгі бер" әдістері қолданылды. Жасанды интелект арқылы "Балық аулау" интеллектуалды ойын және "Мақтақыз бен мысық" ертегі желісі көрсетілді.https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1367769584917820/





