Мектепішілік шахмат турнирі
“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де үйірме жетекшісі Жамалбек Еркебұлан ағайдың бастамасымен 6-7 сынып оқушылары арасында шахматтан мектепішілік жарыс ұйымдастырылды. Бұл турнир оқушылардың зейінін, ойлау қабілетін және ойын стратегиясын дамытуға бағытталған. Жарысқа көптеген оқушылар қатысып, өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсете білді.
Турнир нәтижесін мектеп директоры Баубеков Нұрдаулет Бейсенбайұлы марапаттады.
- I орын – Молдашұлы Мейіржан. Ол қарсыластарын сенімді жеңіп, өз шеберлігін дәлелдеді.
- II орын – Таев Нүркен. Ол да жоғары деңгейде ойнап, тек финалда аз ғана ұпаймен жеңіліс тапты.
- III орын – Пернехан Елжан. Жақсы ойын көрсетіп, турнирдің үздік үштігінен көрінді.
Сонымен қатар, шахмат турниріне ерекше белсенділік танытқан Раматилла Нұрсерік пен Айтбек Бексұлтан жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Жамалбек Еркебұлан ағай алғыс хаттармен марапаттады.
Бұл турнир оқушылардың білімге, дамуға және достық қарым-қатынасты нығайтуға деген қызығушылығын арттырды. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
Шахмат сүйер қауымға келесі жарыстарда да сәттілік!
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/620006147125168/