М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, волейбол үйірмесінің жетекшісі Әсілбек Маденнің ұйымдастыруымен 8–10 сынып оқушылары арасында волейболдан мектепішілік жарыс өткізілді. Бұл іс-шара Ұлы Отан соғысында

«М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, волейбол үйірмесінің жетекшісі Әсілбек Маденнің ұйымдастыруымен 8–10 сынып оқушылары арасында волейболдан мектепішілік жарыс өткізілді. Бұл іс-шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында ұйымдастырылды.

Жарыстың мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты қалыптастыру. Жарысқа әр сыныптан құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Ойын барысында оқушылар волейболдың негізгі ережелері мен техникаларын іс жүзінде қолданып, өз шеберліктерін көрсетті.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар анықталып, арнайы дипломдар және мадақтамалармен марапатталды. Бұл шара оқушылардың спорттық белсенділігін арттырып, олардың дене тәрбиесіне деген ынтасын оятты.