М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында еліміздің Тәуелсіздігіне 33 жыл толуына орай ұйымдастырылған 33 мерекелік іс-шараның бірі – бастауыш сынып мұғалімі, ұлағатты ұстаз Өсербай Рахия Алпысбайқызының а

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ-де «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында еліміздің Тәуелсіздігіне 33 жыл толуына орай ұйымдастырылған 33 мерекелік іс-шараның бірі – бастауыш сынып мұғалімі, ұлағатты ұстаз Өсербай Рахия Алпысбайқызының атына берілген кабинеттің ашылуы болды.

Бұл іс-шара аясында 1 “А” сыныбының оқушылары мен сынып жетекшісі Мырзаш Лаураның ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлағатты есім» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатында оқушылар ұстаздың адам өміріндегі маңызы, оның қоғамдағы рөлі мен еңбегінің мәні туралы ой бөлісіп, тақырып аясында шығармашылық жұмыстар мен көріністер қойды. Балалар ұстазға арналған өлеңдер оқып, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар, бастауыш сыныптың оқушылары мен ұстаздары арасында ұстаз еңбегін құрметтеудің ерекше үлгісі ретінде бұл шара жоғары деңгейде өтті.

Бұл сынып сағаты жас ұрпаққа ұстазды құрметтеу мен білімге ұмтылудың маңыздылығын насихаттаумен қатар, Тәуелсіз еліміздің болашағын айқындайтын маңызды тәрбиелік сәттердің бірі ретінде есте қалды.