“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де Бүгінгі «Асық ату» үйірмесінде қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі — «Бес табан» ойыны өткізілді. Үйірме жетекшісі Әбжан Нұғман оқушыларға ойынның шығу тарихы мен ережелерін түсіндіріп, ұлттық құндылықтардың мәнін таныстырды.
Ойын алдында дайындық пен қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушылар белсене қатысты. Олар бір-бірін қолдап, жылдамдық пен ептіліктерін көрсетті. Бұл ойын балалардың сенімділігін, ұйымшылдығын және достық қарым-қатынасын арттырды.
Сабақ соңында оқушылар әсерлерімен бөлісіп, ұлттық ойындарды жиі ұйымдастыруды ұсынды. Үйірме сабағы қызықты, әсерлі өтті және оқушыларды салауатты өмір салтына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі.





