М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де Бүгін мектебімізде ерекше күн – Ашық есік күні өтті. Бұл шарада ата-аналар балаларының жетістіктерін көріп, олардың шығармашылығы мен қабілеттеріне куә болды.

“Асық ату” үйірмесінің жетекшісі Н. Әбжан ағай шәкірттерімен бірге қызықты ашық сабақ өткізді. Оқушылар ұлттық ойынның қыр-сырын көрсетіп, шеберліктерін танытты. Ата-аналар да бұл сабаққа белсене қатысып, қазақтың бай мұрасын дәріптеуге атсалысты.

Шара соңында ата-аналар мен ұстаздар жылы лебіздерін білдіріп, оқушылардың жетістіктеріне қуанып қайтты. Мұндай басқосулар ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып қана қоймай, оқушылардың жан-жақты дамуына үлкен ықпал етеді.