“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де ашық есік күні өтті
Мектебімізде 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «БП ата-аналары балаларына 18 жастан кейін қаржылай және материалдық көмек көрсетпеуі керек деп есептейді» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның жетекшілері – Сәдір Айдын мен Бақтиярова Жанар.
Бұл дебат сабағы оқушылардың түрлі өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, оларды өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге баулу мақсатында өткізілді.
Дебат сабағының мақсаты:
- Оқушылардың заман талабына сай танымын кеңейтіп, біліктілігі мен белсенділігін арттыру;
- Түрлі мәселелерге өз көзқарасын білдіру, аргументтерін ашық, сенімді, әрі әдепті түрде жеткізу дағдыларын дамыту;
- Дебат әдісі арқылы шешендік қабілетін жетілдіру, сөздік қорын байыту және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Бұл шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, пікірталас мәдениетін меңгеруге мүмкіндік берді