“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жанашырлық пен қамқорлық мәдениетін дамыту мақсатында “Мейірімді жүрек” акциясы өткізілді.
Ізгілікке бастайтын бұл шараны бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Д. Оспанов, әлеуметтік педагог М. Байысбаева, мектеп психологтары Ж. Бимбетов пен А. Маханова, сондай-ақ 10-сынып жетекшісі А. Ибрагимова ұйымдастырып, оқушыларға қайырымдылықтың маңызын түсіндіру, мейірімділікке баулу бағытында маңызды жұмыстар жүргізді.
Бұл акция – жүрек жылуын бөлісу, бір-бірімізге қолдау көрсету және жақсылық жасаудың үлкен қадамдарының бірі. Мейірімділік – әлемді өзгертетін күш!