М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

*“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп”* КММ-де 7-сынып оқушылары арасында “Су – тіршілік көзі” тақырыбында сайыс сабақ өтті *Іс-шараны үйірме жетекшілері Н. Әмзеев пен Ұ. Турабаева ұйымдастырды.* *Сабақтың мақсаты* – оқушыларға судың адам, жа

*“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп”* КММ-де 7-сынып оқушылары арасында “Су – тіршілік көзі” тақырыбында сайыс сабақ өтті

*Іс-шараны үйірме жетекшілері Н. Әмзеев пен Ұ. Турабаева ұйымдастырды.*

*Сабақтың мақсаты* – оқушыларға судың адам, жануарлар және өсімдіктер өміріндегі маңызын түсіндіру, оның қасиеттерін тәжірибелер арқылы көрсету, суды үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар *судың түссіз, иіссіз, дәмсіз екенін* анықтап, оның үш түрлі күйде (*сұйық, қатты, газ*) болатынын тәжірибелер арқылы үйренді. Сонымен қатар, суды ластамау, тиімді пайдалану және табиғатты аялау жөнінде білімдерін толықтырды.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта *мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сергіту сәттері мен ойындар қолданылды*.

Сайыс сабаққа оқушылар белсене қатысып, ерекше қызығушылық танытты. Топтық жұмыс, тәжірибелер мен ойындар арқылы олар судың маңызын терең түсініп, алған білімдерін өмірде қолдануға дайын екендіктерін көрсетті. Осындай танымдық сайыс сабақтар оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1624468314842949/