“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 3”Ә” сыныбында “Жеңіс гүлін терген күн” тақырыбында тағылымды тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Жұмабек Патима апайдың ұйымдастыруымен өткен бұл шараның мақсаты – оқушыларды Отанын сүюге, бейбіт өмірдің қадірін түсінуге тәрбиелеу, соғыс ардагерлерінің ерлігін ұмытпауға баулу болды.
Тәрбие сағаты барысында балалар соғыс жылдарындағы батырлар туралы өлеңдер оқып, естеліктермен танысты. Жеңістің оңай келмегенін түсініп, бейбіт өмірдің әр сәті — ата-баба ерлігінің жемісі екенін ұғынды. Шараның әсерлі өтуіне оқушылар белсене қатысып, ән айтып, сахналық көріністер қойып, өз өнерлерін көрсетті.
Жұмабек Патима апай бұл тәрбие сағаты арқылы балалардың жүрегіне патриоттық сезім ұялатуға, Жеңіс күнінің маңызын терең сезіндіруге үлкен үлес қосты. Оқушылар бұл күннің әр қазақ баласы үшін қасиетті екенін жүректерімен сезініп қайтты.https://www.facebook.com/share/v/1ByFZw5SER/