М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 2025 жылғы 6 наурызда “Шебер” үйірмесінің жетекшісі Бейсеева Жайна “Ашық есік” күнін өткізді. Мақсаты: Мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту. Іс-шара аясында “Фетр матасынан сөмке жас

“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 2025 жылғы 6 наурызда “Шебер” үйірмесінің жетекшісі Бейсеева Жайна “Ашық есік” күнін өткізді.

Мақсаты: Мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту.

Іс-шара аясында “Фетр матасынан сөмке жасау” тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды фетр матасының ерекшеліктерімен таныстыру;
  • Қол еңбегіне баулу;
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылығын арттыру.

Сабақ барысында “Дұрыс-бұрыс” ойыны ойнатылып, сұрақ-жауап әдісі қолданылды. Оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты.