«М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де
2025 жылғы 22 қазанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 4 «А» сынып оқушылары бастауыш сынып мұғалімі Эльвира Шаминовна Махаеваның жетекшілігімен Республика күніне арналған тәрбиелік мәні сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық рухты және қазақстандық бірегейлікті дәріптеу, сонымен қатар еліміздің тарихы мен тәуелсіздік жолындағы маңызды оқиғалар туралы білімдерін тереңдету болды.
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1769440357023678/





