«М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2025 жылғы 12 мамыр күні кәсіби бағдар беру педагогы Ж. Бимбетов 11-сынып оқушыларына арналған оқыту жұмыстарын жүргізді. Оқу барысында оқушылар Skills.enbek.kz онлайн платформасында түрлі кәсіби бағыттар бойынша курстардан өтіп, қорытынды тестілеуден сәтті өтті. Нәтижесінде, олар дағдыларды меңгергені туралы электрондық сертификаттарға ие болды. Бұл сертификаттар оқушылардың enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы түйіндемелерінде автоматты түрде көрсетіледі, бұл болашақта жұмыс берушілерге олардың кәсіби дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді .