"М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 7 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында "Талапкер" әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес "Жас маман – ертеңгі бас маман" атты айлық іс-шарасы аясында тарих пәнінің мұғалімі Назымбек Елнар 10 "А" сыныбына «Тарихи және мәдени ескерткіштер» тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысып, тарихи жәдігерлердің мәні мен маңызын тереңірек ұғынды. Мұғалім тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, тарихи ойлау қабілеттерін дамытуға баса назар аударды. Ашық сабақ мазмұнды, тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.https://www.facebook.com/share/v/1HbLE2Gj7P/