М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 7 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында "Талапкер" әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес "Жас маман – ертеңгі бас маман" атты айлық іс-шара ұйымдастырылды. Мектебімізде 9-10 сынып оқушылар

"М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 7 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында "Талапкер" әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес "Жас маман – ертеңгі бас маман" атты айлық іс-шара ұйымдастырылды.

Мектебімізде 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Әлемдегі барлық мектептерде бірдей білім беру жүйесі болу керек пе?»тақырыбында пікір-сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның жетекшісі– Сәдір Айдын.

Бұл дебат сабағы оқушылардың түрлі өнер мен шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырып, оларды өз ойларын еркін әрі сауатты жеткізуге баулу мақсатында өткізілді.

Дебат сабағының мақсаты:

  • Оқушылардың заман талабына сай танымын кеңейтіп, біліктілігі мен белсенділігін арттыру;
  • Түрлі мәселелерге өз көзқарасын білдіру, аргументтерін ашық, сенімді, әрі әдепті түрде жеткізу дағдыларын дамыту;
  • Дебат әдісі арқылы шешендік қабілетін жетілдіру, сөздік қорын байыту және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Бұл шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, пікірталас мәдениетін меңгеруге мүмкіндік берді