"М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 7 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында "Талапкер" әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес "Жас маман – ертеңгі бас маман" атты айлық іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған айлық аясында Айнақұл Қарашаш Мейрамбайқызының жетекшілігімен "Ұлттық құндылықтар" тақырыбында мұғалімдер арасында "Көңілді үзіліс" атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында бірнеше қызықты ойын түрлері ұйымдастырылды:
Мақал-мәтелді жалғастыру,
Ұлттық оюлар арқылы пазл құрастыру,
"Көлеңкесін тап",
Оюларды тауып жүріп өту.
Бұл ойындар ұстаздардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, білімдерін ойын арқылы шыңдауға мүмкіндік берді. Көңілді әрі танымдық мазмұндағы шара жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашып, ұстаздар арасында белсенділік пен қызығушылық тудырды.