"М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жыл 2 қыркүйек күні "Менің отаным-Қазақстан" тақырыбында жалпы мектеп сыныптары арасында "Біріңғай сынып сағаты" ұйымдастырылып өткізілді. Сынып сағатында әр сынып өз ерекшелігімен "Адал азамат" біртұтас тәрбие беру мақсатында балаларға ел жетістігін және бейбітшілік жайында сөз ете отырып,осы бейбітшілік пен тәуелсіздікті сақтау жемісі салауатты өмір мен сауатты білім болатыны атап айтылды. "Адал азамат" біртұтас тәрбие беруде балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани адамгершілік қасиеттерді.азаматтық жауапкершілікпен,патриотизмді, парасаттылық пен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтарын және білім алушының үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
#Bilim_quni https://www.facebook.com/share/v/1GQDw5Wqnw/
#Mektebim_meirim mekeni