«М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 10-сынып оқушылары “Мектеп оқушысының әдебі” тақырыбында А.Ибрагимова мен Д.Ораз апайлардың ұйымдастыруымен іс-шара өткізді.
Мақсаты:
Оқушылардың әдептілік, тәртіптілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты адами қасиеттерін дамыту. Мектеп оқушыларының әдебін сақтау мәдениетін нығайту.
Іс-шараның барысы:
1. Кіріспе сөз
Іс-шараны жүргізушілер қатысушыларды қарсы алып, оның мақсаты мен маңыздылығын түсіндіреді.
2. Сахналық көрініс
Оқушылар мектеп ішінде кездесетін түрлі жағдайларды сахналап, дұрыс және бұрыс әрекеттерді көрсету арқылы әдептілік қағидаларын түсіндіреді.
3. Әдептілік туралы мақал-мәтелдер сайысы
Қатысушылар екі топқа бөлініп, қазақтың әдептілікке байланысты мақал-мәтелдерін айтып жарысады.
4. Ситуациялық сұрақтар қойылды.
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1156759916077591/