“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ
Адал азамат ” біртұтас тәрбие” тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыс
5 “Ә” сыныбының сынып жетекшісі Б.Нысанбаева оқушылармен “Жолда жүру ережелері – қауіпсіздік кепілі” тақырыбында түсіндірме әңгіме жүргізді. Шара барысында ұстаз жолда жүру мәдениеті, бағдаршамның түстері, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың маңызы, көше қиылысында өзін дұрыс ұстау сияқты негізгі ережелерді атап өтті.
Оқушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жолда жүру кезінде қандай жағдайларда қателіктер орын алуы мүмкін екендігін талқылады. Әңгіме барысында балалар топтық пікір алмасу арқылы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың тек өздері үшін ғана емес, айналадағы адамдар үшін де маңызды екендігін түсінді.
Сонымен қатар, оқушыларға жолда абай болу, белгісіз жерден жүгіріп өтпеу, қоғамдық көлікті күткенде қауіпсіз аймақта тұрудың қажеттілігі түсіндірілді. Әңгіме соңында оқушылар өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, әрқашан тәртіп пен сақтықты ұстану – саналы азаматқа тән қасиет екенін ұғынды. https://www.facebook.com/share/v/1Ux3tWcAiK/