М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп   11-сынып оқушыларымен “ҰБТ өткізу тәртібі” тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді  Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері мен жаңалықтарын түсіндіру мақсат

📚 М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп

🎓 11-сынып оқушыларымен “ҰБТ өткізу тәртібі” тақырыбында түсіндіру жұмыстары өткізілді

Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу ережелері мен жаңалықтарын түсіндіру мақсатында 11-сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуді ДОІЖО Н. Дүйсенбаев пен кәсіби бағдар беруші Ж. Бимбетов жүргізді.

Іс-шара барысында оқушыларға:

✅ ҰБТ өткізу форматы мен құрылымы туралы толық ақпарат берілді;

✅ Тестілеу уақыты, кезеңдері және талаптары түсіндірілді;

✅ Мамандық таңдау және бейіндік пәндерді дұрыс анықтаудың маңызы айтылды;

✅ Академиялық адалдық пен психологиялық дайындықтың рөлі атап өтілді.

Кездесу соңында оқушылар өз сұрақтарына жауап алып, алдағы ҰБТ-ға дайындық бағыттарын нақтылады.

Болашақ түлектерімізге сәттілік тілейміз! 💫