М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Дарын» үйірме бірлестігінің “Шығармашылықтың шексіз әлемі” тақырыбында өтіліп жатқан айлық іс-шара жоспарына сәйкес 2025 жылдың 13 қазан күні “Ғажайып химия” үйірмесінің жетекшісі Саттар Айдананың ұйымдастыруымен көңілді үзіліс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық және танымдық қабілеттерін дамыту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру болды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың бойында зерттеушілік қабілет пен ғылымға деген сүйіспеншілікті оятты. Көңілді үзіліс соңында белсенді қатысушылар шағын сыйлықтармен марапатталды.
https://www.facebook.com/100085444825794/videos/846611524367956/





