М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

,,М.Шаханов атындағы мектеп ұжымы" ардагер ұстаздарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

,,М.Шаханов атындағы мектеп ұжымы" ардагер ұстаздарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Ұстаз – білім мен тәрбие беруші ғана емес, рухани байлықтың жаршысы. М. Шаханов атындағы мектеп ұжымы ардагер ұстаздарды ерекше құрметтеп, дәстүрлі түрде үйлеріне барып құттықтады.

Мектеп директоры Баубеков Нұрдаулет Бейсенбайұлы мен ұжым мүшелері ардагер ұстаздардың үйіне арнайы барып, олардың еңбектерін еске алып, жылы лебіздерін білдірді. Ұжым мүшелері өздерімен бірге сыйлықтар апарып, ұстаздарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

– Сіздің шәкірт тәрбиелеу жолында қосқан үлесіңіз – баға жетпес мұра. Біз сіздердің еңбектеріңізді әрдайым құрметтейміз. Сіздің тәрбиелеп шығарған шәкірттеріңіз бүгінде еліміздің әр саласында еңбек етіп жүр, – деп мектеп директоры ардагерлерге алғысын жеткізді.

Ардагер ұстаздар өз кезегінде алғыстарын айтып, ұстаздық жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл кездесу жас мұғалімдер мен оқушылар үшін де үлкен өнеге болды.

Ұжым мүшелерінің бұл бастамасы ұстаздардың еңбегін бағалаудың жарқын үлгісін көрсетті. Мектеп ұжымы ардагер ұстаздарға құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырып, келер ұрпаққа үлгі етуде.

https://www.facebook.com/100085444825794/videos/1096300065122474/