Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Таза Қазақстан” акциясы аясында батырларға тағзым ретінде ескерткіш маңында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шара барысында ескерткіш айналасы тазаланып, аумақ ретке келтірілді. Бұл игі бастама – жастарға патриоттық тәрбие берудің, өткенге құрмет көрсетудің және қоршаған ортаны таза ұстаудың жарқын үлгісі болды. Жеңіс рухын сезіндіретін бұл шара ел бірлігін, ұрпақтар сабақтастығын айшықтап, мәңгілік ерліктің ескерткіші – халық жадында сақталатынын тағы бір дәлелдеді.https://www.facebook.com/share/v/1BRtGnDNe1/