Ұлы Жеңіске – 80 жыл!
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына орай
М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектепте
5–11 сынып оқушылары арасында
әдеби шығармашылық конкурсы ұйымдастырылды.
Конкурстың мақсаты — жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру, Отан үшін жанын қиған батырлардың ерлігін еске алып, олардың рухына тағзым ету.
Оқушылар өз туындылары арқылы ерліктің, қайсарлықтың, отансүйгіштіктің мәңгілік құндылық екенін сезіндіре білді.
Жеңіс – жауынгерлердің жанқияр ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің төзімділігінің жемісі. Сол рухты жырлаған, жүректен шыққан әрбір шығарма – мәңгілік ел есінде.
https://www.facebook.com/share/v/1AU1D3d9GD/