ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ, КІШІГЕ – ІЗЕТ
Отырар ауданы, Жаңа Шілік елді мекенінің 1989 жылы дүниеге келген азаматтары биыл өздерінің мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуын ерекше ізгі іспен бастады.
Өздері 11 жыл білім алған, үлкен өмірге қанат қаққан «М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025–2026 оқу жылында алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріне арнайы сый-сияпат жасады. Атап айтқанда, 1-сыныпқа қабылданған 40 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмке және 40 «Әліппе» кітабын тарту етті.
Бұл игілікті іс – аға буын түлектердің «Алтын ұя» мектебіне деген құрметі, жас ізбасарларға деген ізеті екендігін көрсетеді. Сый-құрмет 1- қыркүйек «Білім күні» мерекелік іс-шарасында мектеп әкімшілігі тарапынан 1-сынып оқушыларына салтанатты түрде табысталатын болады.
Мектеп ұжымы мен шәкірттердің ата-аналары атынан жүректен шыққан ризашылық сөзімізді арнап, 20 жылдық түлектерге зор АЛҒЫС білдіреміз!
Әрдайым қанаттарың талмай, қамқорлық пен азаматтық тұлғаларың ел көгінде жарқырай берсін!
Ізгі ниетпен: Мектеп әкімшілігі