М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Әлемді кітап арқылы танимын ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін «Мұхтар Шаханов оқулары" атты мектепішілік байқау 2025 жылы 16 сәуірде Отырар ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде аталып өтілді. Оқушылардың кітапқа деген қызығушыл

 

 

Әлемді кітап арқылы танимын ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін «Мұхтар Шаханов оқулары" атты мектепішілік байқау 2025 жылы 16 сәуірде Отырар ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде аталып өтілді. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың бойындағы талантын, шығармашылық қабілетін арттыру. Қазақ ақыны, драматург Мұхтар Шахановтың 83 жасқа толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын балаларға тереңірек оқыту. М.Шахановтың шығармалары арқылы балалардың қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру.

Байқауға мектепішілік 5-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты. Байқау 4 кезеңнен қамтылды. Сарапшылар алқасы құрамы мектеп әкімшілігінен құралып, қатысушылардың өнерін бағалау кезінде оқырманның шығарманы таңдау талғамына, дауыс мәнеріне, тіл тазалығына, жан-жақты білімділігіне, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеттілігіне баса назар аударды. Атап айтар болсам, "Мұхтар—дара тұлға" бағыты бойынша мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Дүйсенбаев, "Сұлу сөздің сүлейі" бағыты бойынша бастауыш сыныптардың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Сопбек, "Әнді сүйсең, менше сүй" бағыты бойынша Г. Шоланбаева, "Болмасаң да ұқсап бақ" бағыты бойынша мектептің бейіндік орынбасары Д. Оспанов әділқазы алқасында отырып, оқушыларға әділ шешім шығарып бағалады.

Байқауға қатысушылар төмендегі бағыттар бойынша сайысқа түсті.

1-бағыт. «Мұхтар –дара тұлға» бағытында ақын поэмаларын жаттауға Дүйсенбай Ақсұңқар 10-сынып оқушысы 1-орынмен марапатталды. 2-бағыт. «Сұлу сөздің сүлейі» бағытында ақын поэзияларын жаттау (жаттаған өлеңінің санына қарайды) Қаратай Мұхаммедәли 10-сынып оқушысы 1-орынмен марапатталды. 3-бағыт «Әнді сүйсең, менше сүй» ақын сөзіне жазылған ән байқауы 10-сынып оқушысы Досбол Ханшайым 1-орынмен марапатталды. 4-бағыт «Болмасаңда ұқсап бақ» бағытында ақын ізімен жас ақындар байқауы 7-сынып оқушысы Әліпбек Ақселеу 1-орынмен марапатталды.

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің ұстаздарының ұйымдастыруымен өткен іс-шара өз мәресіне жетті