Тіліңізді таңдаңыз

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
 «ҰЛ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

«ҰЛ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

«М.ШАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ

🧑🏻‍🎓 «ҰЛ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

2026 жылғы 2 қыркүйек күні мектебімізде 5–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұл болашағы – ұлт болашағы» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді.

Жиынның басты мақсаты – жасөспірім ұлдарға ұлттық тәрбие мен ер азаматқа тән ізгі қасиеттерді дәріптеу, әдептілік пен жауапкершілікке баулу, мектеп формасы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу.

Жиын барысында мектеп формасын сақтау, тәртіп пен әдептілік, қарым-қатынас мәдениеті, жеке бас гигиенасы, қауіпсіздік және салауатты өмір салты мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ұл балалардың бойындағы жауапкершілік, сыйластық, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты құндылықтардың маңызы айтылды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер мен бағыт-бағдар алды.

💙 Ұл тәрбиесі – ел тәрбиесі!
💙 Ұл – отбасының қорғаны, елдің тірегі, болашақтың азаматы!

#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат
#ҰлБолашағыҰлтБолашағы
#ҰлТәрбиесі
#ЕлдіңЕртеңі