М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Култаева Клара "Геосфералардың ластануы" тақырыбында 10"А" сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді

"М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің "Парасат" Жаратылыстану пәндері бірлестігінің "Жаратылыстану -ғылымдарымен болашаққа" атты айлық іс-шарасы аясында география пәнінің мұғалімі Култаева Клара "Геосфералардың ластануы" тақырыбында 10"А" сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: геосфералардың ластану деңгейін анықтап, себеп-салдарын зерттеп, шешу жолдарын ұсыну. Сабақта қолданған әдіс тәсілдер оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, экологиялық мәдениет қалыптастырды.