Кітапханаға кітап сыйла
М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ кітапханасында 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күніне орай "Алтын ұяңа кітап сыйла " акциясы өткізілді.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттау,кітап алмасу мәдениетін дамыту,кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Акцияға мектеп басшысы Баубеков Нұрдаулет Бейсеебайұлы бастап, біршама ұстаздар, ата-аналар және мектеп оқушылар белсене ат салысты. "Алтын ұяңа кітап сыйла" акциясына өз үлесін қосқан,Отырар ауданы Білім бөлімінің бас маманы Төлендиева Қаракөз. Жастар орталығының әдіскері Забира Жұмабайқыз мектебімізге келіп Ілияс Есенберлин “Алтын Орда” Міржақып Дулатұлы “Оян,Қазақ”кітаптарын сыйға тартты. Мектебіміздің барлық оқушылары мектеп кітапханасын түрлі әдеби кітаптармен толықтырып өз үлестерін қосты.
Озық ойлы оқырмандарымыз көп болсын!
#Біртұтас _тәрбие_бағдарламасы #Кітапханаға кітап сыйла
#Шын жүректен кітап сыйлаhttps://www.facebook.com/100085444825794/videos/975342351230649/