«ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ»
“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп”КММ 2025-2026 оқу жылының қыркүйек айының жоспарына сәйкес “Адал азамат " Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Қыздар ұлт әдебі, ел намысы." тақырыбында қыздардың сөйлеу мәдениетімен жүріс-тұрысы туралы қыздар жиналысы болып өтті.
Жиналсықа қатысқандар:
Педагог-психолог А.Маханова
Медбике: Н.Айтжанова
Мектеп тәлімгері: А.Әсетова
Сынып жетекшілер
Мақсаты:
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып ,қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына ,тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру , олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі болуына шақыру.
Жиналыс барысында мектеп қыздарына:
1. Мектеп оқушысы қандай болуы қажет?
2. Кыздар арасында бөліну дұрыс па?
3. Жеке бас гигиенасы туралы не айтамыз?
4.Вейптің зияны
4. Қыздар арасындағы буллинг
6. Қауіпсіздік ережелері туралы айтылды.
Жиналыс барысында оқушыларға бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар, нашақорлық, есірткі зияндары, әлімжеттік пен бұзақылық, буллинг, кебербуллингтің алдын алу туралы айтылып, мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау, мектеп формасын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.





