«М.ШАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ
🌸 «ҚЫЗ БАЛА – ОТБАСЫНЫҢ ШЫРАЙЫ»
2026 жылғы 2 қыркүйек күні мектебімізде 5–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Қыз бала – отбасының шырайы» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Жиынның басты мақсаты – қыз балаларға ұлттық тәрбие мен әдептілікті насихаттау, мектеп формасы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік сезімін арттыру.
Кездесуге сынып жетекшілері, педагог-психолог, тәлімгер және мектеп медбикесі қатысып, қыз балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді ортаға салды.
Жиын барысында мектеп формасын сақтау, тәртіп пен әдептілік, қарым-қатынас мәдениеті, жеке бас гигиенасы және қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
🌷 Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі!
🌷 Қыз бала – отбасының көркі, мектептің сәні, елдің ертеңі!
#БіртұтасТәрбие
#АдалАзамат
#ҚызБалаОтбасыныңШырайы
#ҚызТәрбиесіҰлтТәрбиесі





