Құттықтаймыз!
М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Зияткер» дебат үйірмесінің жетекшісі Бақтиярова Жанардың оқушылары — Дүйсенбай Ақсұңқар мен Мұсахан Аида — «Фараб» фракциясының мүшелері ретінде мектебіміздің мақтанышы болып отыр. Олар Ұлттық «Aul CUP» пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінде жүлделі ІІ орын иеленіп, мектеп тарихындағы алғашқы пікірсайыс жеңісін әкелді!
Бұл тамаша жетістік — шәкірттеріміздің тынымсыз еңбегі мен жетекшілерінің қолдауының нәтижесі. Осындай жарқын жеңістеріміз көп болсын! Баршаңызды осы керемет жетістікпен құттықтаймыз!