Құттықтаймыз!
Қуанышымызда шек жоқ! “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің мақтанышы, 10-сынып оқушысы Қаратай Мұхаммедәли мен оның жетекшісі — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің білікті ұстазы Жапабаева Айнұр Республикалық “Ілияс оқулары” байқауынан жүлделі орын иеленіп, мектеп мерейін үстем етті!
Бұл — тынымсыз еңбектің, талмай ізденудің, шығармашылыққа деген адалдықтың жарқын жемісі!
Жеңімпаздарымызды Шымкент қаласынан мектеп директоры Н.Баубеков бастап, ұстаздар қауымы мен мектеп ұжымы зор құрметпен қарсы алып, қошемет көрсетті.
Талаптарың тау бұзып, қанаттарың талмасын! Жетістіктерің жалғаса берсін!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!