Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Шілік ауыл округі әкімінің аппараты атынан сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі күн – жас түлектер үшін үлкен өмірге қадам басатын жауапты сәт. Сіздерге жарқын болашақ, сәттілік, білім жолында биік белестер мен табысты өмір тілейміз!
Ұстаздар мен ата-аналарға — өлшеусіз еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызға мықты денсаулық, амандық және жаңа табыстар тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Шілік ауыл округі әкімінің аппараты