М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді барша шәкірт жүрегінен шыққан ыстық ықыласпен құттықтаймыз! Ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, болашаққа жол ашып жүрген еңбектеріңіз әрдайым абыроймен ақталсын. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіздің жемісі мол болсын!

Құрметті ұстаздар қауымы! ✨

Сіздерді барша шәкірт жүрегінен шыққан ыстық ықыласпен құттықтаймыз!

Ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, болашаққа жол ашып жүрген еңбектеріңіз әрдайым абыроймен ақталсын.

Дендеріңіз сау, еңбектеріңіздің жемісі мол болсын! 🌸

💐 Айсұлу апайға деген құрмет:

Бүгін біз ардақты ұстазымыз Айсұлу апайға арнайы барып, мерекелік құттықтауымызды жеткіздік.

Ұстаздық жолда аянбай еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген апайымызға жүрекжарды тілектерімізді арнап, алғысымызды білдірдік.

Апайымыз бізді қуанышпен қарсы алып, өз ризашылығын жеткізді.

Кездесу көңілді де әсерлі өтті, бәріміз көтеріңкі көңіл-күймен оралдық.

🌟 Айсұлу апайға тілегіміз:

– Денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ болсын!

– Шәкірттеріңіздің жетістігі Сізге әрдайым қуаныш сыйласын!

– Ұстаздық еңбегіңіздің жемісі мол болсын!

– Жаныңыз шаттыққа, жүрегіңіз мейірімге толы болсын!

Ұйымдастырушылар:

Жайна Бейсеева

Ұлдана Турабаева

Сүндет Өтемісов

Ерғали Дайрабаев

🌹 Барша ұстаздарға бас иіп алғыс айтамыз! 🌹