М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР!   Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР!

📚 Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаздық - кез келген мамандықтан биік,ұрпақ тәрбиелеу мен білім беруді қатар алып жүретін, үлкен жауапкершілікті талап ететін мәртебелі міндет.

📚 Ұстаз,ол-ұлттың рухани тірегі, болашақтың жарқын жолбасшысы. Сіздердің ұрпаққа берген әрбір біліміңіз бен тәлім-тәрбиеңіз- еліміздің ертеңгі кемел келешегінің кепілі.

📚 Сіздердің маңдай тер еңбектеріңіз арқылы шәкірттеріміз биік белестерді бағындырып, қоғамның саналы тұлғасы болып қалыптасуда. Бұл -сіздердің қажыр-қайраттарыңыз бен жүрек жылуларыңыздың жемісі.

📚 Осы мерейлі Ұстаздар күнінде, әрбіріңізге:зор денсаулық, отбасылық береке-бірлік, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Әрдайым шәкірттеріңізбен бірге жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!

Ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін.

ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!🌹🌹🌹

✅ Құрметпен,

М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Нұрдәулет Бейсенбайұлы