М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

 Құрметті оқушылар мен ұстаздар қауымы! “М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025–2026 оқу жылы аясында мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымының — Мектеп парламентінің президентін сайлау өткізілетінін қуана х

 Құрметті оқушылар мен ұстаздар қауымы!

“М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025–2026 оқу жылы аясында мектепішілік өзін-өзі басқару ұйымының — Мектеп парламентінің президентін сайлау өткізілетінін қуана хабарлаймыз! 🇰🇿

Бұл — әр оқушының өз ойын ашық білдіріп, мектеп өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық іс-шара.

🗳 Сайлау күні: 2025 жылдың 17 қазаны

📍 Өтетін орны: М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп

Мектеп президенті болуға үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын, яғни мектеп өмірін жақсартуға арналған ұсыныстарын, идеяларын және жоспарларын көпшілікке ұсынады.

Бұл жылы бізде үш үміткер бар! Олар – өз мектебін сүйетін, жауапкершілігі жоғары, белсенді және көшбасшылық қасиеті бар оқушылар.