ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!
Мектебімізде Жаңа жылдық мерекелік шаралар бастау алып, бәрімізді ерекше қуанышқа бөледі. Ашылу салтанатында мектеп директоры Баубеков Нұрдаулет Бейсенбайұлы өз құттықтау сөзін арнап, келе жатқан Жаңа жылға үлкен сеніммен қадам басуымызды тіледі.
Алда келе жатқан 2025 жыл баршамыз үшін жаңа мүмкіндіктер мен табыстардың бастауы болсын! Әрбір отбасына амандық, мықты денсаулық, қуаныш пен мол бақыт тілейміз. Ұстаздарымыздың еңбегі жемісті болып, оқушыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!
Жаңа жыл құтты болсын!