Қош келдің, әз Наурыз!
“М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 4-сынып жетекшісі С. Байсейтованың ұйымдастыруымен «Қош келдің, әз Наурыз!» атты тәрбие сағаты өтті.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, татулық пен бірліктің жаршысы. Бұл күні халқымыз табиғаттың оянуын тойлап, өткенге шүкіршілік етіп, болашаққа үмітпен қарайды. Бір-біріне ақ тілек арнап, кешірімділік пен ынтымақты нығайтуға ұмтылады.
Осындай игі шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.https://www.fa