М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған аудан тұрғындары арасындағы бірлік жарысында 1-орын иеленгені үшін мектебіміздің мақтанышы, ұлағатты ұстазымыз Суннатуллаев Ақмырза ағайымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс — Сіздің

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған аудан тұрғындары арасындағы бірлік жарысында 1-орын иеленгені үшін мектебіміздің мақтанышы, ұлағатты ұстазымыз Суннатуллаев Ақмырза ағайымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жеңіс — Сіздің табандылығыңыздың, жоғары рухани жігеріңіздің және салауатты өмір салтын дәріптеудегі белсенділігіңіздің нақты нәтижесі.

Сіздің бұл жетістігіңіз – оқушылар мен әріптестеріңізге үлгі, мектеп абыройын асқақтатқан елеулі оқиға!

Мектеп ұжымы атынан Сізге зор алғыс білдіре отырып, алдағы уақытта да осындай биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз.

Жеңістеріңіз еселене берсін!

Таза жеңіс – жарқын болашақтың бастауы!

Ізгі тілекпен,

Мектеп ұжымы