М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі, баланың ойлау қабілетін, дәлдігін, ептілігін және көзмергендігін дамытатын тәрбие құралы - асық ату ойыны бүгінде ұлттық спорт түріне айналды. 09.01.2025 жылғы 25/91 санды хатына сәйкес Түркістан облысының білім бас

Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі, баланың ойлау қабілетін, дәлдігін, ептілігін және көзмергендігін дамытатын тәрбие құралы - асық ату ойыны бүгінде ұлттық спорт түріне айналды. 09.01.2025 жылғы 25/91 санды хатына сәйкес Түркістан облысының білім басқармасы облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының 7-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылуымен "Ұлттық мектеп лигасының" облыстық жарысында асық атудан 3-орынды иеленген "М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 8-сынып оқушысы Әмірбай Нұртілеу, 7-сынып оқушылары Әліпбек Ақселеу мен Бекмұрза Дәулет ауданымыздың, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Әбжан Нұғман ағайдың жетекшілігімен небәрі бір жыл көлемінде осындай жетістікке қол жеткізуі тынымсыз еңбектің арқасы.Осы тұста аудан әдіскері Серғазы Рысбай мен мектебіміздің директоры Нұрдаулет Баубеков жеңіспен оралған оқушыларға мараппаттарын табыстап, сый құрметін көрсетті.

Б.Момышұлының "Асық -үлкен халықтың тәрбие" деген ұлы сөзін дәріптеп, шәкірттеріміз алдағы уақыттарда тек биіктерден көріне берулеріне алдағы уақыттарда тек биіктерден көріне берулеріне тілектеспіз.