ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
10 қыркүйек күні "М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп”КММ-де 7-11-сынып оқушылары
арасында Отырар аудандық білім бөлімінің хатына сәйкес "Қауіпсіз-балалық шақ үшін" тақырыбында кеңейтілген жиналыс өтті.
Ж и н а л ы с қ а
Отырар аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Алимжан Бауыржанұлы қатысып , мектеп
оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кәмелет жасына толмағандар арасында «Құқықбұзушылықты болдырмау
және алдын-алу», «Нашақорлыққа жол жоқ», «Ерте жүктіліктің алдын-алу және
болдырмау », "Лудоманияның және әлімжеттіктің алдын -алу" тақырыптарында
түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Жолда жүру ережелері»,жолдан өту
Қауіпсіздік ережелері таныстырылды. ДТІЖО А.Ибрагимов, мектеп психологы А. Маханова баяндама оқып, қауіпсіздік жайында кеңінен түсіндіріп өтті.
Жасөспірімдердің балалардың түнгі беймезгіл уақытта
жүрмеуі, түнгі кафелерге,тойханаларға жалданып жұмыс жасауға болмайтыны женінде қатаң ескертілді. Білім беру мекемелерінде «Әлімжеттікті болдырмау »
жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,мектеп формасын сақтау,сабақтан
себепсіз қалмау жөнінде түсіндірілді.
Мектеп директоры Н.Баубеков жиынды қорытындылап, оқу жылы басталғалы бері жол қауіпсіздігін
камтамасыз ету мақсатында ,түнгі рейд жургізілгендігін айта келе, мектеп
окушыларыны сабақ уақытында,сабақтан тыс уақытта д а окушылардың
тәртіпті болуына , таңертеңгі уақытта сабаққа уақтылы келу керектігі,сабақтан
себепсіз қалмауға,оқушы ережесін сақтауға шақырды.