М.Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ҚҰРМЕТ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектепте мерекелік іс-шара өтті!

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҚОҒАМҒА ҚҰРМЕТ

🌸 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектепте мерекелік іс-шара өтті!

Бұл күні мектеп директоры Баубеков Нұрдаулет Бейсенбайұлы және ұжымдағы ер азаматтар нәзік жандыларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, оларға ерекше құрмет көрсетті.

✨ «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген дана сөз бар. Әйел – тек отбасының емес, тұтас қоғамның тірегі. Ізгілік пен мейірімнің, адамгершілік пен сұлулықтың символы. Сондықтан бұл мереке – тек аналар мен қыз-келіншектердің ғана емес, барша адамзат үшін ерекше күн.

💐 Мерекелік кештің шымылдығы ұжымдағы ханымдарға гүл шоқтарын ұсынумен ашылды. Артынша мектеп басшысы құттықтау сөз сөйлеп, әйел-ананың қоғамдағы рөлін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге арнайы марапаттар табыс етті.

🎶 Кеш соңында ұжымдағы ер азаматтар ақжарма тілектерін білдіріп, аналарға арналған әсем әндерін тарту етті.

Мейірім мен жылылыққа толы осы шуақты күн баршаға қуаныш сыйлады! 🌷https://www.facebook.com/share/v/18YAuMFFau/

https://www.facebook.com/share/v/15sqSxHP3u/